Әлемдегі ең қымбат клуб анықталды

Өздеріне жұмсалған ақшаны ойыншылар толығымен өтеп жатыр: Испания чемпионатында клуб бірінші орынды Мадридтің «Атлетико» командасымен бөлісті. 17 ойынның 15-ін жеңіспен аяқтаған «Барселонаның» жинаған ұпайы - 46. Чемпиондар лигасында каталондықтар плей-оффқа шықты. Онда турнирдің ширек финалында ағылшындардың «Манчестер Сити»-мен кездесті.
Рейтингтің екінші орнында «Барселонаның» басты қарсыласы - «Реал» тұр. Осы команда футболшылары үшін 575,3 миллион еуро жұмсалған. Үшінші орын немістердің «Бавариясына» бұйырды, олар өткен кезеңде Чемпиондар лигасын ұтқан болатын, клубтың шығыны 493,2 миллион еуроны құрады. Төртінші және бесінші орындар сәйкесінше, «Манчестер Юнайтедке» (479,2 млн) және ағылшын премьер-лигасының тағы бір қатысушысы Роман Абрамовичтің «Челсиіне» (451,2 млн) бұйырды.