Әлемдегі ең семіз әйел қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб әмірліктерінде тұрған әлемдегі ең семіз әйел Эман Ахмед Аб Эль Ати көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Life.ru сайтына сілтеме жасап.
None
None

Ақпарат көзінің мәліметіне сәйкес, Эман Ахмед Аб Эль Ати соңғы бірнеше жыл бойы әлемдегі ең семіз әйел болған.

«Ол дүйсенбі күні, БАӘ уақыты бойынша 25 қыркүйекте сағат таңғы 4:35 кезінде ішек пен бүйрекке зақым келуін байланысты қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Осы жылдың ақпанында оны семіздіктен емдеу үшін үндістандық ауруханаға жеткізген. Ол кезде Эман Ахмед Аб Эль Атидің салмағы 495 келі болған. Отадан кейін әйел 200 келі салмақ тастаған болатын.

Соңғы жаңалықтар