Әлемдегі ең үлкен Starship зымыранын ұшыру кейінге қалды

Илон Масктің Twitter-дегі жазбасына сенсек, бұған зымыран-тасығыштағы клапандардың бірінен шыққан ақау себеп болған.
Бұл сынақтың мақсаты - Super Heavy деп аталатын зымыранның бірінші бөлігін тексеру. Ол бірнеше мәрте пайдалануға арналған және 33 Raptor қозғалтқышымен жабдықталған.
Зымыранның биіктігі - 120 метр, салмағы - 5 000 тонна. Ол жер орбитасына 150 тонна пайдалы жүкті жеткізуге қауқарлы.
Жоспарға сәйкес, Super Heavy 2 минут 49 секунд жұмыс істеуі керек болатын.
Кейін ол зымыранның негізгі бөлігінен ажырап, жобамен Мексика шығанағының маңында әуеде қалықтап тұрып, содан соң суға құлайды.
Илон Маск бұған дейін аталған сынақ бірден межелі нәтиже бермеуі мүмкін және ұшыруды кейінге қалдыру ықтимал екенін мәлімдеген еді.
Енді 48 сағаттан кейін зымыранды қайта ұшыру жоспарланып отыр.