13:34, 17 Қазан 2016 | GMT +5
Әлемдегі ең жас полиглот 7 тілде сөйлейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 жасар мәскеулік Бэлла Девяткина әлемнің жеті тілінде сөйлейді (орыс, ағылшын, француз, испан, араб, қытай, неміс). Ол 2 жасынан бастап анасымен бірге тілдерді меңгере бастаған. Күнделікті шет мемлекеттің мұғалімдерінен сабақ алады.

«Удивительные люди» шоуында Бэллаға шет тілдерінде сұрақтар, мәтіндер мен тапсырмалар берілді. Арманындағы сыйлығын алу үшін ол қойылған талаптардың бәрін еш қиындықсыз орындап шықты, деп жазады kaztrk.kz.
Кішкентай Бэлла қазылар алқасының жүрегін бір көргеннен баурап алды. Оның фантастикалық мүмкіндіктері ешкімді бейжай қалдырмады.