Әлемдегі геосаяси ахуал Қазақстанға тауар әкелуге кедергі болып жатыр ма

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында тілші «Көрші елдерде болып жатқан ахуалға байланысты Қазақстанға тауар әкелуде немесе экспорттауда қиындық, кедергілер болып жатқан жоқ па?» деген сауал жолдады.
«Елімізге тауар жеткізу немесе тауар жөнелту бойынша ешқандай проблема жоқ. Ресей Федерациясы тауарларды өткізіп жатыр. Шетелдік порттар да қазақстандық тауарларды проблемасыз қабылдап жатыр. Олардың басты талабы - тауар және оны жеткізуші компания қазақстандық болуы шарт. Сонымен қатар транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТМТМ) аясын кеңейтуді қарастырып жатырмыз. Каспийдегі біздің Ақтау және Құрық портынан 10 млн АҚШ долларының тауары тасымалданады», - деп жауап берді Қайырбек Өскенбаев.
Министрдің айтуынша, тауар тасымалдауда ешқандай шектеу, кедергі жоқ.
Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі республикалық маңызы бар жолдарды су шаю мәселесіне қатысты түсінік берген еді.
Сондай-ақ, Қайырбек Өскенбаев өңдеу өнеркәсібі саласында жүзеге асырылатын индустриялық жобалардың пулы жасақталғанын айтты.
Одан бөлек, аталған ведомство басшысы еліміздегі тұрғын үй бағасына қатысты ойын ортаға салды.