Әлемдегі көптеген үрдістер саяси тұлғалардың, парламенттердің және халықаралық ұйымдардың іс-әрекетіне байланысты - ЕҚЫҰ ПА сессиясы

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Венада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы қысқы сессиясының аясында өткен «Ресей мен Францияның еуропалық қауіпсіздіктің жаңа кескінін қалыптастыру туралы бастамаларына қатысты арнайы пікірсайыстарға» қазақстандық парламентшілер де қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Депутаттар алдында Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов сөз сөйледі. Ол қазіргі әлемде жаһандық өзгерістердің құбылмалылығына қарамастан, көптеген үрдістердің саяси тұлғалардың, парламенттердің және халықаралық ұйымдардың іс-әрекетіне байланысты болатындығын атап өтті. «Біз мемлекет басшыларының Еуропа құрлығының қауіпсіздігі кепілін нығайтуға бағытталған ізгі ниеттерін қуаттаймыз»,- деді сенатор. Қ.Сұлтанов Қазақстан Ресей мен Францияның еуропалық қауіпсіздіктің жаңа кескінін қалыптастыру туралы бастамаларын қолдайтындығын атап өтті. Сенатордың пікірінше, ЕҚЫҰ тұғырнамасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ЕҚЫҰ-дағы жүйелі дағдарыс және сенімділік тапшылығын еңсеруге бағытталған ұсыныстарды жүзеге асыру тетіктерін жерсіндіруге аса қолайлы алаң болып табылады.
Соңғы жаңалықтар