Әлемдегі тыныштық үш негізгі дінге байланысты - ҚР Бас мүфтиі

АСТАНА. Шілденің 1- і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде барлық мұсылмандар, иудейлер мен христиандар әлем халықтарының жартысынан көбін құрап отыр. Сондықтан әлемдегі тыныштық осы үш діннің арасындағы өзара келісімге тікелей байланысты. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі барысында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлі айтты,
None
None


 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің Бас имамының айтуынша, аталған діндердің ынтымағын нығайтуға қажетті алғышарттар да жоқ емес. «Себебі осы діндердің басты ұстанымы - Жаратушыға және жақыныңа деген сүйіспеншілік. Сондықтан біздің ұлтаралық келісім осы ұстанымға негізделуі тиіс. Егер «Торо» сөзі «ілім» деп аударылса, «Евангелия» - «ізгі хабар», ал «Қасиетті Құран» - «оқу-білімді» білдіреді. Біз бүгінде ілім мен ізгі хабарды оқып- білуге тырысуымыз қажет», - дейді Ә.Дербісәлі. Сондай-ақ еліміздің Бас мүфтиі атап өткендей, бүгінде Ислам мен христиан діндері  оған сенетін адамдардың саны жағынан әлем бойынша алдыңғы орында келеді. «Сондықтан мұсылмандар мен христиандар арасында алауыздық бола қойған жағдайда, барша әлем бойынша тыныштықтың орнауы екіталай»,- деді Ә.Дербісәлі.

Соңғы жаңалықтар