Әлемдегі жаһандық қатерлердің тууына мәдениеттер мен өркениеттер арасында ұзақ уақыт байланыстың болмауы себеп болуда -Абдолла Гүл
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлемде орын алып отырған түйткілдер мен жаһандық қатерлердің бірқатарына мәдениеттер мен өркениеттер арасында ұзақ уақыт байланыстың болмауы, төзусіздік және басқа мәдениеттер мен діндерді қате түсінушілік себеп болуда. Мәдениетаралық үйлесімге ынталандыру және адамдардың бір-бірін сыйлауын нығайту мақсатында Түркия мен Испания өркениеттер альянсы бастамасына мұрындық болды. Бұл ретте аумағында 150-ге тарта этностар тобын құрап, толеранттық және келісім негізінде өмір сүріп жатқан Қазақстанның БҰҰ шаңырағында құрылған өркениеттер альянсының достық тобына белсенді қатысуы біз үшін ерекше маңызды болып табылады», деді А. Гүл.
Сонымен бірге, Түркия басшысы Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезін өз жерінде өткізуі осы мақсатқа қызмет ететіндігін атап өтті.