15:26, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Әлемді жаңа ақша құтқарады - Дж.Сорос
МӘСКЕУ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Бүкіл әлем болып дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіруде. Ресейлік «Комсомольская правда» газеті Джордж Соростың дағдарыстан шығудың дауасын оқырмандар назарына ұсынып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Атақты қаржыгер жаңа әлемдік валюта жасауды ұсынады. «Ең оңай шешім - жаңа ақша жасау. Қарыз алудың арнайы тетігі бұрыннан бар (ол ? 1969 жылы құрылған және Халықаралық валюта қоры мемлекетаралық есепайырысулар үшін қолданатын туынды ақша бірлігі). Қосымша ақша массасын шығару - несие рыногындағы құлдыраудың бетін қайтарудың ең жақсы амалы», деп жазады Сорос өз мақаласында. Сарапшылардың түсіндіруінше, алтын-валюта қоры мол елдер өз қорларының бір бөлігін Халықаралық валюта қорына беруі қарыз алудың арнайы тетігіне негізделген жаңа валютаны алуы керек (ол валюта электрондық түрде ғана қолданыста болады). Ал Халықаралық валюта қоры ол ақшаны кедей елдерге несие түрінде береді. Бірақ, сарапшылар бұл мәселенің түйінді тұстары да бар екенін айтып отыр: егер «перифериялық елдер Халықаралық валюта қорының қарызын қайтара алмаса, ол ақшаны беріп отырған елдер де құралақан қалады.