Әлемдік дағдарыс жағдайында Қазақстанды индустрияландыруға балама жоқ - Елбасы

АСТАНА.  Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Әлемдік дағдарыс жағдайында Қазақстанды индустрияландыруға балама жоқ.
None
None

 Бүгін Астанада локомотив құрастыратын жаңа зауыттың ашылу рәсімінде  Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Елімізде индустриялық-инновациялық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында біз Қазақстанды индустрияландыруға балама жоқ екеніне көзіміз жетті. Біз жерасты байлықтарына, мұнай мен газға, минералдық ресурстарға, металдарға және тағы да басқаларға иек арта алмаймыз. Біз Қазақстанды индустрияландыруды қалыптастыруымыз керек», - деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

 Елбасы Қазақстан Кеңес Одағының шикізаттық елі болғанын атап көрсетті. «Осы жылдар ішінде біз өзіміздің мемлекетіміз үшін күрестік. Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі дағдарыстан шықтық. Қаржы жинадық. Енді іс жүзінде елді индустрияландыру жұмысымен айналысуға мүмкіндік бар», - деді Н. Назарбаев.  Президент Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасы аясында елімізде көптеген нысандарды іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар