17:57, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Әлемдік державалар дағдарыс кезінде банктерге қолдау көрсетуде
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Бүкіл дүниежүзінде орын алып отырған әлемдік дағдарысты бірінші кезекте қаржы институттары сезінді, сондықтан мемлекеттің қорғаныс стратегиясы банктерге көмек көрсетуге бағытталған.
Бұл - заңдылық. Өйткені банктерді экономиканың өмірлік маңызды күретамыры деп айтуға болады. Банктердегі қаржы дағдарысы экономиканың барлық салаларында сезіле бастады. Сондықтан да бүгінгі күні әлемнің қуатты мемлекеттері ірі банктерге қаржылық қолдау көрсете бастады және өз елдеріндегі қаржы жүйелерін тұрақтандыру үшін түрлі елдердің үкіметтері қолданып отырған жеке банктерді мемлекет иелігіне алу жиі орын алатын шараға айналды. Біздің үкімет те осыған қадам басты және елдің ірі банктеріне капитал салу туралы жариялады. Алайда кейбіреулер үкіметтің осы қадамына күдікпен қарайды. Сондықтан, біз елдегі қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін жеке банктерді мемлекет қарауына алған қанша ел бар екендігін анықтау үшін әлемдік шолу жасауға ұйғардық.Өткен жылдың қыркүйегінде британдық ипотекалық алып, елдегі банк мөлшері бойынша сегізінші болатын Bradford & Bingley мемлекет қарауына өтті.2008 жылғы қыркүйектің 29-ында Лондонда елдің қаржы министрлігі банктік күйреу қаупінің орын алуына байланысты шешім қабылдағанын жариялады. Британ үкіметі 40 млрд. фунт стерлингке жеткен бизнестің осы бөлігі бойынша Bradford & Bingley -дің барлық міндеттемелеріне бюджеттік қаражатпен кепілдік бере отырып, банктің ипотекалық бөлімшелерін өзінің бақылауына алды. 2,5 миллионға жуық британдықтар өздерінің 22 млрд. фунт стерлинг болатын салымдарын осы банкте ұстайды. Тағы бір мысал. Өткен күзде ұлттық банктік секторды тұрақтандырудың алғашқы жедел бағдарламасы аясында Ұлыбритания үкіметі оның күйреуіне жол бермеу үшін Royal Bank of Scotland -ке 58 пайыздық капиталмен енді. Жаңа жоғалтуларға байланысты Royal Bank of Scotland-ға мемлекеттің қатысу үлесін интервенциялау нәтижесінде 58 пайыздан 70 пайызға дейін арттырылды.2008/09 қаржы жылының бірінші жартысындағы банктің шеккен залалы 690 миллион фунт стерлингтен астам соманы құрады және болжам бойынша ағымдағы қаржы жылы Royal Bank of Scotland үшін 300 жылдық тарихында тұңғыш рет толықтай залал шеккен жыл болмақшы. Байқап отырғанымыздай, осы дағдарыс елдерді біздермен салыстырғанда өте дамыған қаржы институттарын әлсірете түсті.Осындай жағдайда Германияның экономикасы да қалыс қалмады. Неміс үкіметі Германиядағы екінші ірі банк ? Commerzbank -ті иелігіне алды. Мемлекет акциялардың 25 плюс бір пайызына иелік етіп, Commerzbank-тің аса ірі акционері болып отыр. Банкирлер оның орнына қаржылық жағдайды жақсарту және қаржы дағдарыстарының зардаптарын жою үшін ?10 млрд. алады. Қаржы министрі Михаэль Глосс ?10 млрд. қаражаттың банкке «өзінің міндеттерін жете орындауға және мәмілелерді қамтамасыз етуге» көмектесетінін мәлімдеді, ал Commerzbank бақылау кеңесінің төрағасы Клаус Петер Мюллер үкіметтің шешіміне қолдау танытты. Сонымен қатар, Германияның федеральдық үкіметі Hypo Real Estate (HRE) дағдарыс банк акцияларының 50 пайызынан астамын сатып алу туралы шешім қабылдады.
Ал Исландия өткен жылғы қазанның басынан бері елдің үш ірі банкін ? Glitnir Landsbanki мен Kaupthing Bank мемлекет иелігіне алды. Банктердің борыштық міндеттемелерінің жалпы көлемі 61 миллиард доллар деп бағалануда. Осыған қарамастан мемлекет қаржы институттарына қол ұшын созып отыр және барлық салымдар бойынша кепілдік береді. Өйткені аталмыш банктердің тасасында адамдар, қарапайым халық тұр және мемлекет олардың мүдделерін қорғамаса, қазіргідей орын алып отырған дағдарыс жағдайында банктер дәрменсіз. Бенелюкс елдері де банктерді мемлекет қарауына алудан шеттеп қалмады. Өткен жылдың қыркүйегінде Бельгияның, Голландияның және Люксембургтің үкіметтері Fortis банктік топтары өкілдіктерінің акцияларының 49 пайызын сатып алды, ол үшін жалпы жиыны 11.2 миллиард еуро жұмсады. Бельгия бельгиялық банктік бизнесті 4,7 миллиард еуроға, Нидерланды 4 млрд.еуроға сатып алды, Люксембург несие түрінде 2,5 млрд. евро ұсынды. Осы несие бойынша міндеттеме люксембургтік банктер бөлімшелері акцияларының 49 пайызы түрінде бағамдалуы мүмкін. Осылайша, үш ел бельгиялық қаржы институттарына бұрынғы сенімді қайтаруға әрекет етіп бағуда.