Әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстанның медианарығын сапасыз әрі бәсекеге қабілетсіз БАҚ-тан тазартты

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстанның медианарығын сапасыз әрі бәсекеге қабілетсіз бұқаралық ақпарат құралдарынан тазартты.
None
None

Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан Еуропалық және Азиялық медиа форум барысында «7 арна» телеарнасының бас директоры Бибігүл Жексенбай білдірді.

Оның пайымынша, бүкіл әлемді шарпыған қаржы дағдарысы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнаманы да айтарлықтай қысқартқан. Мәселен, 2007 жылы БАҚ-тың жарнамадан табатын пайдасы 164 млн. АҚШ долларын құраса, ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 85 млн. долларға дейін құлдыраған.

Жарнама мәселесінде телеарналарға қарағанда газет-журналдар мен радио айтарлықтай зардап шекенін баса айтқан ол Қазақстанның медианарығындағы жағдайға да тоқталып өтті.

«Менің ойымша, 16 млн халқы бар Қазақстан үшін 50 телеарнаның болуы жаман емес. Дағдарысқа дейін 60 телеарна бар болатын. Бір кездері коммерциялық қаржылары болғандықтан меншікті телеарналар ашып, отбасылық газеттер шығарды. Менің пайымымша, қазіргі уақытта Қазақстанның медианарығында бұдан әрі де дами алатын сапалы әрі бәсекеге қабілетті БАҚ-тар ғана қалды», - деді Б.Жексенбай.

Соңғы жаңалықтар