08:04, 21 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай өсіп келеді
АСТАНА. ҚазАқпаат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда кезінде мұнайдың әлемдегі бағасы айтарлықтай өсіп келе жатқаны байқалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сауда-саттық мәліметтеріне сілтеме жасап.
Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фючерсінің жеткізілімдері 1,15 долларға өсіп, барреліне 56,29 долларды құрады.
WTI маркілі жеңіл мұнайдың Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) қазан айындағы фьючерстері 0,93 долларға көтеріліп, барреліне 50,41 доллардан белгіленді.