Әлемдік рекорд: Футболшы 45 минут 5 секунд бойы допты құлатпады

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы кубалық футболшы Эрик Эрнандес жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Әлемдік рекорд: Футболшы 45 минут 5 секунд бойы допты құлатпады

Ол отырған күйде допты басымен соғып 43 минут 5 секунд бойы құлатпай ұстап тұрған. Бұл жайлы Куба телеарнасы мәлім етті.

Эрнандес доп соғудың бұл түріндегі рекордты бұған дейін 2016 жылдың 15 қазанында жасаған болатын. Ол кезде допты ауада 42 минут 2 секунд бойы ұстап тұрған.

Эрнандестің екі жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Бір минут ішінде ол допты басымен 319 рет, ал, 1 сағат 28 минут бойы тек жамбасымен соқты. Спортшының өзге де қызықты жетістіктері баршылық.  Мәселен, допты соға отырып, 17,83 секунд ішінде жүз метрден жүгіріп өтсе, 7 сағат 17 минут ішінде марафондық қашықтықты еңсерді, сондай-ақ, 19 сағат 10 минут бойы денесінің барлық бөлігімен допты соға отырып, құлатпай ұстап тұрған. Эрнандес биылғы жылы доп соғу бойынша тағы екі рекорд жаңартатындығын айтты. Алайда, бұл жолы қандай өнер көрсететіндігі әзірге құпия.