Әлемдік рейтинг: Елена Рыбакина жылды 21-орынмен аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) және Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жылдың қорытынды рейтингісін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік рейтинг: Елена Рыбакина жылды 21-орынмен аяқтады

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылды 21-орынмен бастайды.

Юлия Путинцева рейтингіде 54-тен 51-ке көтерілді. Жұптық сында Анна Данилина 11-орнын сақтап қалды.

WTA-ның 26 желтоқсандағы рейтингісі:

21 (0). Елена Рыбакина.

51 (+3). Юлия Путинцева.

441 (0). Жібек Құламбаева.

588. (0). Гөзал Айнитдинова.

1031 (+2). Зарина Дияс.

1188 (+6). Аружан Сағындықова.

Ерлер арасында Қазақстанның үздік ракеткасы жылды 37-орынмен аяқтайды. Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин және Бейбіт Жукаев өз көрсеткіштерін жақсартты.

ATP-ның 26 желтоқсандағы рейтингісі:

37 (0). Александр Бублик.

142 (+3). Тимофей Скатов.

188 (+1). Михаил Кукушкин.

292 (-8). Денис Евсеев.

308 (+2). Бейбіт Жукаев.

330 (-6). Дмитрий Попко.

Жұптық сында Андрей Голубеев 47-інші, Александр Недовесов 50-орында тұр. А.Голубев пен А.Недовесов Аустралия ашық чемпионатын қосқанда, алдағы қаңтардағы жарыстарда бірге өнер көрсетеді. Григорий Ломакин Мысырда ITF M15 турнирінде чемпион атануы нәтижесінде жұптық сында рейтингіде 205-сатыға жайғасты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубайдағы командалық турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.


Фото: sports.kz