17:00, 01 Шілде 2009 | GMT +5
Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының келесі IV съезін 2012 жылы Астана қаласында өткізу туралы ұсыныс бар - Қ. Тоқаев
АНА. Шілденің 1- і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының келесі IV съезін 2012 жылы Астана қаласында өткізу жөнінде нақты ұсыныстар бар. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі барысында Съезд хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, келесі Съезді өткізу күні мен ұйымдастыру жұмыстарын Хатшылық өкілдеріне жүктеу туралы ұсыныс түсіп отыр. «Осыған орай Съезд Хатшылығының кезекті IX отырысын ағымдағы жылы күз айларында өткізу жоспарланып отыр. Хатшылық отырысы өтетін күні мен орны туралы біз Сіздерді алдын ала хабардар етеміз», - деді Қ. Тоқаев.