Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі - дінаралық келісімді орнататын негізгі құрал - Әбсаттар қажы Дербісәлі

АСТАНА. Шілденің 1- і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі діни ұйымдар мен конфессиялардың арасындағы бейбітшілік пен келісімді орнататын негізгі құралға айналды деп айтуға толық негіз бар. Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III съезі барысында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы  Әбсаттар қажы Дербісәлі осылай атап  өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің Бас имамы атап өткендей, бүгінде Қазақстан жерінде ислам дініндегі халықтың жалпы саны 80 пайызды құрап отыр. «Алуан дін өкілдері бір-біріне  нағыз шынайы діни төзімділікпен қарауда. Осының арқасында еліміздегі ұлтаралық келісімнің тамыры терең жайылып, бүгінде халықтық идея ретінде дамуда», - деді Ә.Дербісәлі.

   Сондай-ақ оның сөзіне қарағанда, Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съездерінен кейін өзге елдердегі діни ұйымдар Қазақстанның бұл бастамасын қолдап, осы іспетті форумдарды өз елдерінде ұйымдастырды. «Сондықтан Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі діни ұйымдар мен конфессиялардың арасындағы бейбітшілік пен келісімді орнататын негізгі құралға айналды деп ашық айтуға болады», - дейді Қазақстанның Бас мүфтиі.

Соңғы жаңалықтар