Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі жаһандық конфессияаралық диалогтың дамуына елеулі үлес қосады - Буддистердің Бүкіләлемдік федерациясының өкілі

денің 1-і. ҚазАқпарат - Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары ІІІ съезінің қатысушыларымен кездесу өткізді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Буддистердің Бүкіләлемдік федерациясының вице-президенті Хамба лама Чойжилжавын Дамбажав Нұрсұлтан Назарбаевқа съезд жұмысына қатысуға шақырғаны үшін алғысын жеткізді және діни форум жаһандық конфессияаралық диалогтың дамуына елеулі үлес қосатынына сенімін білдірді.

Иран Президентінің кеңесшісі, Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы Мехди Мустафави Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары ІІІ съезін өткізудің маңызын және оның елдер арасындағы мәдени байланыстарды кеңейту және ұлтаралық келісімді нығайту ісіндегі ерекше рөлін атап өтті. Әңгіме барысында қазақстан-иран мәдени-гуманитарлық қатынастарын дамыту мәселелері қаралды.

Соңғы жаңалықтар