Әлемдік киностудиялардың тағы бір фильмі қазақ тілінде дубляждалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда қазақ тілінде дыбысталған «Элио» фильмінің жабық көрсетілімі болды.

«Элио» атты анимациялық фильмі қазақ тілінде дыбысталды
Фото: Досбол Атажан/Kazinform

Disney мен Pixar киностудияларының «Элио» атты анимациялық фильмі қазақ тілінде дыбысталды.

«Элио» фильмінің қазақша нұсқасында басты кейіпкер Элиоға Нұрназар Саржан өз даусын сыйлады. Хеликс елшіні тележүргізуші, продюсер Марат Оралғазин, Тегмен атты кейіпкерді актер әрі каскадёр Олжас Әлжанов, сондай-ақ Калеб кейіпкерін әнші Нұрмұхаммед Жақып дыбыстады.

«Элио» атты анимациялық фильмі қазақ тілінде дыбысталды
Фото: Досбол Атажан/Kazinform

— Мен Алматының № 174 мектеп-гимназиясында 6-сыныпта оқимын, жасым — 12-де. Бұған дейін бірнеше фильмге түскенмін, кейіпкерді дыбыстау да тәжірибемде болған. Бірақ басты кейіпкерді бірінші рет алып отырмын. Фильмнің насихаттайтын құндылығы — достық үшін түр мен түс емес, ішкі жан дүние маңызды. Болашақта арманым — үлкен Голливуд фильмдерін дыбыстаумен шектелмей, оларға түсіп, актер болу, — деді Нұрназар Саржан.

Еске салайық, былтыр Disney студиясы «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» атты үш фильмін қазақ тіліне аударуға тапсырыс беріп, дубляж жұмыстарын қаржыландырды.

«Элио» атты анимациялық фильмі қазақ тілінде дыбысталды
Фото: Досбол Атажан/Kazinform

Биыл Disney студиясының «Лило мен Стич» фильмі қазақ тіліне дубляждалғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар