Әлемдік көмір өндіру қарқыны 2030 жылға қарай аздап төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM —  Әлемдегі көмір өндіру көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2024 жылғы деңгейде қалады деп күтілуде. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ хабарлады. 

көмір
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Бұл туралы Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) есебінде айтылған.

— 2025 жылы әлемдік көмір өндіру көлемі 2024 жылы тіркелген тарихи ең жоғары көрсеткішке шамалас деңгейде болады деп болжанып отыр. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайда көмір өндіру көлемі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға өсті, — делінген есепте.

ХЭА дерегінше, 2025 жылы Қытайда көмір өндіру 1 пайызға артады деп күтіледі. Үндістанда соңғы жылдары байқалған көмір өндіру өсімі баяулайды. Индонезияда көмір өндіру COVID-19 пандемиясы басталғалы бері алғаш рет қысқарады. Ал АҚШ-та ішкі сұраныстың артуына байланысты көмір өндіру көлемі ұлғаяды.

— Көптеген өңірде көмір қорының мол болуы және әлемдік сұраныстың әлсіздігі жағдайында, біз 2030 жылға қарай әлемдік көмір өндірісі аздап төмендейді деп болжап отырмыз, — деп мәлімдеді Халықаралық энергетикалық агенттік. 

Айта кетелік Qarmet басшысы Президентке көмір және тау-кен бағытын дамыту бағдарламасын таныстырған еді

Соңғы жаңалықтар