Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады

АСТАНА. KAZINFORM — Негізгі биржаларда мұнай бағасы құлдырап жатыр. Лондон мен Нью-Йоркте баррель бағасы арзандап барады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Мұнай
Фото: afk.kz

Лондонның ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,76 долларға арзандап, 62,62 доллар болды.

Нью-Йорк NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында мұнайдың бағасы барреліне 0,79 долларға арзандады. Қазір баға — 58,21 доллар.

Бұған дейін Трамп әкімшілігі Калифорния мен Флорида жағалауында мұнай өндірудің жаңа жоспарлары туралы жариялап, бұл штаттардың наразылығын тудырғанын жазған болатынбыз

Әкімшілік жоспары Калифорния жағалауындағы 6 теңіз учаскесін сатуды көздейді. Флорида жағалауында, штат жағалауынан кемінде 100 миль қашықтықта жаңа бұрғылау жұмыстары да жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар