Әлемдік спортты бағындырған әйелдер: соңғы жылдардағы жарқын жетістіктер

АСТАНА. KAZINFORM — 2020 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын әйелдер саны 1,6 млн болса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2,7 млн адамға жеткен, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды
Фото: ҰОК

2020 жылғы ел қоржынын жүлдемен толтырған спортшы қыздар

2020 жылғы Жазғы Паралимпиадада Зарина Байбатина күміс медаль жеңіп алды.

Зарина Байбатина
Фото: olympic.kz

2022 жылы Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өткен 2021 жылғы Жазғы Сурдлимпиада ойындарында Анна Краморова мен Дина Адамбаева сурдо дзюдодан қола медаль иеленді.

 Ал Айжомол Әбдіқатова сурдо таэквондодан қола медаль жеңіп алды.

Софья Берульцева
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Софья Берульцева 2020 жылғы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, шахматтан үш дүркін әлем чемпионы (2021,2022,2025 ж. ж.), 2023 жылғы XIX Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бибісара Асаубаева
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

2024 жылы — 425 медаль

2024 жылдың қорытындысы бойынша әйел спортшыларымыз әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Олимпиада ойындары, Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары мен кубоктарында, сондай-ақ түрлі халықаралық және тағы басқа беделді жарыстарда олар ел намысын абыроймен қорғап, барлығы 425 медаль жеңіп алды (135 алтын, 143 күміс, 147 қола).

Назым Қызайбай әлем кубогында чемпион атанды
Фото: Қазақстан ҰОК

Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Назым Қызайбай және Александра Ле, Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан әлем чемпионы атанғанын өтуге болады.

Александра Ле
Фото: ҰОК

2024 жылғы Жазғы Паралимпиада ойындарында Ақмарал Науатбек пара дзюдодан алтын медальға ие болды.

дзюдо
Фото: ҰОК

Ал пара дзюдодан Зарина Райфова мен Даяна Федосова қола медаль жеңіп алды.

Дзюдоистка Зарина Райфова
Фото: olympic

2025 жыл — 309 медаль

2025 жылдың қорытындысы бойынша әйел спортшыларымыз табысты өнер көрсетіп, Әлем, Азия және Еуропа чемпионаттары мен кубоктарында, сондай-ақ халықаралық және басқа да әлемдік жарыстарда 309 медаль иеленді (99 алтын, 101 күміс, 109 қола).

Аида Әбікеева
Фото: olympic.kz
Наталья Богданова
Фото: ҚР ҰОК

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан өткен Әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Наталья Богданова 1-орынға, Назым Қызайбай 2-орынға, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова 3-орынға қол жеткізді.

Виктория Графеева
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Елдана Тәліпова
Фото: olympic.kz

Әбиба Әбужақынова Будапештте (Мажарстан) өткен Әлем чемпионатында тарихи күміс медальді жеңіп алды.

Әбиба Әбужақынова
Фото: ҚР ҰОК

Бұл нәтиже Қазақстанда әйелдер дзюдосының тарихындағы ең үздік көрсеткіш саналады. Фристайл-могулдан Әлем чемпионатында Анастасия Городко қола медальға ие болды.

Анастасия Городко завершила Олимпиаду-2026 в Топ-8
Фото: ҰОК

Болгарияда өткен жасөспірімдер арасындағы көркем гимнастикадан Әлем чемпионатында Қазақстан тарихында алғаш рет алтын медальді Ақмарал Ерекешева жеңіп алды.

Акмарал Ерекешева
Фото: ҰОК

2025 жылы Токио (Жапония) қаласында өткен 2025 жылғы Жазғы Сурдлимпиада ойындарында Амина Файзулина сурдо дзюдодан алтын медаль, Анна Краморова сурдо дзюдодан қола медаль (3-орын) иеленді.

Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Фаина Мейірмановаға ШҚО әкімі пәтер сертификатын табыстады
Фото: ШҚО әкімдігі

Фаина Мейрманова сурдо жеңіл атлетикадан алтын медаль жеңіп алды.

Айым Жетпісбаева сурдо дзюдодан қола медаль, ал Айжомол Әбдіқатова мен Аида Макатова сурдо таэквондодан қола медаль иеленді.

2026 жылдан үміт көп

Ал 2026 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында конькимен жүгіруден Кристина Шумекова бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алып, сенсациялық нәтижеге қол жеткізді.

Кристина Шумекова
Фото: ҰОК

Бұдан бұрын Индиан-Уэллс турнирінде Анна Данилина келесі айналымға өткенін жаздық.