14:27, 20 Қыркүйек 2020 | GMT +5
Әлемге танымал Vogue сән журналы Көбейтұзда күй шерткен қазақ аруы туралы жазды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдегі танымал сән журналдарының бірі Vogue өзінің Instagram парақшасында қазақстандық домбырашы туралы пост жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астаналық домбырашы Маржан Қапсамат шілденің басында күлгін түсті Көбейтұз көлінің ортасында өлімді өмір жеңетін әнұран – «Керұғлы» күйін шертті.
«Қазақстанның ежелгі мәдениетін заманауи Instagram әлеміне енгізген Қазақстан, нұрсұлтандық Маржан Қапсаматпен таныс болыңыздар. 23 жастағы қыз Қазақстанның ұлттық аспабы, ұзын мойны мен алмұрт тәрізді пішіні бар екі ішекті лютна - домбырада ойнайды, - деп жазған Vogue видеоның астына.