Әлемнің 40-тан астам елінде қазақ күресі дамып жатыр – қауымдастық

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінде әлемнің бірнеше елінде қазақ күресі федерациясы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Qazaq kuresi қауымдастығы ұсынған мәліметке сәйкес, елімізде 122 607 адам қазақ күресімен айналысады және 3897 үйірме бар.

Оның ішінде 2735 үйірме ауылда, онда 73 054 адам жаттығып жүр.

Жалпы қазақ күресінен жылына түрлі деңгейде 700-ден астам жарыс өткізіледі.

Бүгінгі таңда әлемнің 40-тан астам елінде қазақ күресі федерациялары жұмыс істейді.

«Мемлекет басшысы халық жолдауында спортпен айналысу халыққа қолжетімді болуы керек деген еді. Оның ішінде ұлттық спорт түрлері де бар. Бүгінде әр ауылда қазақ күресінен жаттықтырушы әрі күрес кілемі бар. Аталған спорт әсіресе ауыл, аудан орталықтарында жақсы дамыған. Біз қазақ күресін спорт ретінде ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеу, қазақ жігітінің болмысын қалыптастыратын құрал ретінде қолданып жатырмыз. Бұл бастама бүгінде мектепте пилоттық жоба ретінде енгізілді», - деді Ербол Мырзабосынов елордада өткен Qazaq kuresi қауымдастығы жиынынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл күзде Бакуде қазақ күресінен Еуропа чемпионаты ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар