Әлемнің қай елдерінде балабақшалар лицензиялаудан өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектепке дейінгі білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова онлайн-брифинг барысында балабақшаларды лицензиялау қызметіндегі халықаралық тәжірибеге тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Германияда барлық балабақшалар лицензияланады. Тек федералдық аумақтар бойынша бұл талаптар ерекшеленуі мүмкін. Мәселен, АҚШ, Канада, Португалия және Ресейде де балабақшалар лицензиялаудан өтеді. Ал Қырғыз мемлекетінде жекеменшік балабақшалар лицензия алып, өздерінің жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар Сингапур, Малайзия, Корея сияқты елдерде мектепке дейінгі ұйымдар аккредиттеледі», - дедікомитет төрағасы.

Гүлмира Кәрімова бұл процесте балабақшаларға алаңдауға негіз жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, лицензиялау кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Бұған дейін мектепке дейінге білім беру ұйымдарын лицензиялау қызметінің қалай жүргізілетінін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар