09:51, 15 Наурыз 2026 | GMT +5
Әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр – СІМ
АСТАНА. KAZINFORM – Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жапония мен Оңтүстік Кореядан кейін Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам мен Индонезияда учаскелер ашылды.


Дауыс беру процесі Ресей, Үндістан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстанда да белсенді жүріп жатыр.



Еуропа елдерінде жақын арада учаскелер өз жұмысын бастайды.



Ресейдегі ҚР азаматтары бүгін елдің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда дауыс береді. Мәскеуде Қазақстан елшілігінің жанындағы учаскесі ашылды.

Айта кетелік шетелде жүрген 200-ге жуық отандасымыз дауыс беріп үлгерді.