Әлемнің әртүрлі елдеріндегі Олимпиада жеңімпаздарын қандай жүлделер күтіп тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Олимпиадашылар мен паралимпиадашылар жарыстардан ұдайы үлкен жеңістермен оралады, бірақ оларды туған жерінде әртүрлі қарсы алады. Kazinform тілшісі әлемнің әртүрлі елдерінде Олимпиада жүлделері үшін спортшыларға қандай сыйақы төленетінін анықтады.

Олимпиада 2024: сегодня будут разыграны 13 комплектов наград
Фото: Сали Сабыров

2024 жылы кейбір спорт ұйымдары алғаш рет спортшыларды марапаттау туралы шешім қабылдады. Мәселен, Дүниежүзілік жеңіл атлетика федерациясы жеңіл атлетикадан алтын жүлдеге ие болғандарға 50 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы беретінін жариялады.

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) бокстан алтын медаль алған спортшыларға 100 мың доллар, күміс медаль үшін 50 мың доллар және қола медаль үшін 25 мың доллар төлейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар, 5-орын алған спортшыларға 10 мың АҚШ доллары беріледі.

- Нәтижесінде жалпы жүлде қоры 3,1 миллион доллардан асып, 100-ден астам боксшыға бөлінеді, - деді IBA президенті Умар Кремлев.

Басқа да бірқатар елдер үздік спортшыларын марапаттайды.

Париж Олимпиадасының гонконгтық алтын жүлдегерлері ең жоғары ақшалай сыйлық – 6 миллион гонконг долларына ие болады, бұл шамамен 770 мың АҚШ долларын құрайды.

Сингапур марапаттау бағдарламасы – Major Games Award арқылы жеке спорт түрлері бойынша жеңімпаздарға 1 миллион сингапур долларын ұсынады, бұл 700 мың АҚШ долларын құрайды. Командалық спорт түрлерінен жеңімпаздарға 2 миллион сингапур доллары немесе шамамен 1,6 миллион АҚШ доллары төленеді. Күміс жүлдегерлер жоғарыда аталған соманың 50%-ын, қола жүлдегерлер 25%-ын алады.

Қазақстан, Малайзия, Марокко, Италия, Венгрия және Мысыр Париждегі Олимпиада ойындарынан жеңімпаз болып оралғандарға 112-ден 365 мың АҚШ долларды құрайтын алты таңбалы сома ұсынды.

Өзбекстанда алтын медаль жеңіп алған спортшылар 200 мың АҚШ доллары көлемінде, күміс медаль — 100 мың АҚШ доллары және қола медаль — 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Грузия Үкіметі медаль иегерлеріне 250 мыңнан миллион лариге дейін сыйақы төлейді, бұл 92 мыңнан 368 мыңға дейінгі АҚШ долларын құрайды.

Үндістан үкіметі алтын медаль иегерлеріне 90 мың АҚШ долларын, ал Үндістан олимпиада қауымдастығы 120 мың АҚШ долларын төлейді.

АҚШ — та Олимпиаданың алтын медаль иегерлері сәйкесінше 37,5 мың доллар, күміс және қола 22,5 мың доллар және 15 мың доллар алады. Ұлттық спорт ұйымдарында спортшыларды көтермелеудің өзіндік бағдарламалары бар. Living The Dream medal Fund күрестен алтын олимпиада медальдары үшін 250 мың доллар, ал USA Swimming жүзуден алтын медальдар үшін 75 мың доллар ұсынады.

Соңғы жаңалықтар