Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының штатында қанша адам жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Сәбит Ахметов редакция сауалына жолдаған жауабында қорды ұстап тұрудың жылдық шығыны қандай екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қор қызметкерлерінің штат саны 2022 жылы 929 адам болды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметіне 20 өңірлік филиалдың шығындарын қосқанда қоғамды дамыту жоспарының аясында 9 млрд 712 млн теңге жұмсалды», - дейді Сәбит Ахметов.

Сондай-ақ, ол аталған қаражаттың қалай игерілгеніне тоқталды.

«Бұл соманың ішінде еңбекке ақы төлеу, ғимарат жалдау, байланыс қызметі мен интернет ақысы, негізгі қаражат пен материалдық емес активтерге қызмет көрсету шығындары, техникалық-материалдық жабдықтар, іссапар шығындары, 1406 Call-орталығының шығыны, тәуелсіз сарапшылардың медициналық көмек сапасына мониторинг жасау қызметі және өзгелер кіреді», - деп жазылған жауапта.


Соңғы жаңалықтар