13:45, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Әлеуметтік нысандарда «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа партиялық бақылау бекеттері арта түсуде
ҚОСТАНАЙ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалар нысандарында партиялық бақылау бекеттерінің саны артатын болады.

Бұл туралы шешім бүгін «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясының Қостанай облысының Федоров ауданының мәслихаты мен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысында қабылданды.
2012 жылы «Нұр Отан» ХДП-ның Федоров аудандық филиалында «100 мектеп, 100 аурухана», «Ақ бұлақ», ҮИИД бағдарламалары бойынша партиялық бақылаудың 4 бекеті жұмыс істеді. Бүгінде бұл нысандардың барлығы тапсырылды, бірақ бекеттер кепілдік мерзімінің аяқталуына дейін жұмысын жалғастырады.
Ағымдағы жылы осыған ұқсас бекеттер «Ақ бұлақ», ҮИИД, «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Мемлекеттік қызмет көрсетулердің тиімділігі мен сапасын арттыру», «Тұрғын үй құрылысы» бағдарламалары бойынша жаңа нысандарда құрылады.