Әлеуметтік педагогтың тәртіпке шақыру амалынан кейін оқушы мектепке барудан бас тартқан - Павлодар облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында № 30 мектептің әлеуметтік педагогы «дұрыс киінбеген» 5-сыныптың оқушысын мектеп сыныптарын аралату әдісі арқылы тәртіпке салмақ болғаны әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
None
None

Бүгін әлеуметтік желілерде № 30 мектептің 5-сынып оқушысының киген шалбары үшін сыныптастары мен мектеп ұстаздары тарапынан мазаққа ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды. Әлеуметтік желілердің авторларының айтуынша, мектеп директорының орынбасары барлық сыныптарға оқушымен бірге кіріп, баланың талапқа сай емес киімін көрсетіп шыққан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Болған жағдайдан кейін бала үйге қайтып, енді мектеп табалдырығын аттамайтынын және оны барлығы жек көретінін айтқан.

Бұл жағдайға қатысты № 30 мектептің директоры Ажар Текжанованың аталған агенттікке берген сұхбатында әлеуметтік педагогтың шынымен де қысқы шалбар киген оқушыға сынып аралатқаны расталды. Бірақ мұндағы мақсат - баланың киген шалбарын көрсету емес, керісінше, мектеп оқушыларының қалай киіну қажет екенінен үлгі алуды насихаттау.

- 2012 жылғы қала әкімдігі қаулысымен бекітілгендей, мектеп жарғысына сәйкес оқушылар мектеп формасын киюге тиісті. Оқушылар белгіленген стильді ұстану керек. Біздің әлеуметтік педагог жұмысын сыныптарды аралаумен бастайды. Оқушылардың киімін қарап, сабаққа келмей қалғандарды қағазға түртеді. Өкінішке орай бұл оқушы 1 қыркүйектен бастап мектеп формасын киюден бас тартқан. Ол ұзақ уақыт бойы джинсы шалбары мен капюшоны бар жемпір киіп жүрген. Ал екінші тоқсан бойы қызыл спорттық киімді тастамады. Бала барлық сауалға: «Анам қысқы шалбарды киіп жүр, әйтпесе ауырып қаласың деп айтты» деген жауап қайтарады. Біз оған мектепке шалбармен кел, бірақ ауыстырып отыр дегенбіз. Бірақ еш нәтиже жоқ, - дейді мектеп директоры.

Ажар Текжанованың айтуынша, баланың жанұясы әлеуметтік әлсіз топқа жатпайды.

- Оқушы басқалары әркім алуға шамасы жетпейтін қымбат ұялы телефон қолданады. Оның анасына келетін болсақ, балаларым қалай киінгісі келетінін өздері шешеді деген пікірді ұстанады. Біздің мектепте осы оқушының апалары да оқыған. Олармен де осыған ұқсас жағдай болған, - деді Ажар Текжанова.

Мектеп басшысының хабарлауынша, қазіргі уақытта ұстаздар туындаған мәселенің шешімін табуға тырысуда. Оқушының анасына телефон шалғанмен, анасы байланысқа шықпай отыр.

Соңғы жаңалықтар