12:14, 03 Шілде 2009 | GMT +5
Әлеуметтік саладағы алға басулар - Елбасы саясатының жемісі
ОРАЛ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Әлеуметтік саладағы алға басулар - Елбасының сарабдал саясатының жемісі. Бұл туралы Орал қаласындағы №20 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жанар Мағзұмова мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, Елбасы тапсырмасына сәйкес білім саласында да көптеген жаңа жобалар мен жарқын істер жүзеге асуда. Үкімет ұстаздарды назардан тыс қалдырған емес. Бұған мұғалімдер жалақысының да көтерілуі дәлел. Мектептер жыл сайын жөндеуден өткізіліп, жаңалары бой көтеріп жатыр. Болашақта Қазақстан он екі жылдық білім жүйесіне көшпек. «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан елге жаңа серпін әкелетін болады. Мұның бәрі Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқаны даусыз.