Әлеуметтік желі пайдаланушылары селден зардап шеккен ауылына тынбай көмек көрсетіп жатқан 12 жастағы Диасқа ризашылық білдіруде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тимур Нүсімбеков Фейсбуктегі өз парақшасында құтқарушылармен, еріктілермен бірге селден кейін белсенді жұмыс істеп жүрген Қарғалының 12 жастағы тұрғыны Диас Әубәкіров жайлы жазды. Артынша постқа пікірлер қарша жауды.
None
None

«Диас - 12 жасар Қарғалы тұрғыны. Жас батыр. Тау қонжығы. Қонжыққа сырт келбетімен ұқсап қана қоймай, оның энергиясы мен қуаты өскелең қонжықтың екпінімен пара-пар. Сел жүріп өткен күннен бастап ол құтқарушылар, әскерилер, еріктілермен бірге тыным таппай еңбек етуде, тіпті олардан да асып түсуде», - деп жазды пост авторы.

«Диас Қарғалы орталығын, маңын, шатқалын бақылайды. Су, гуманитарлық көмек тасуға көмектесуде. Жаңадан келген еріктілер мен сарбаздарға жол көрсетеді. Шамалған балаларынан жас еріктілер жасағын құрды. Оны құтқарушы, сарбаз, жергілікті тұрғындар қатты құрметтеп кетті. Зардап шеккендерге тағам жеткізіп жүр. Жас батыр және т.б.», - деген пікірлер әлеуметтік желіге тарап кетті.

Постқа жазылған піркірлер «12 жас, нағыз жігіт!!!! Отбасы тірегі, сенімі!!!», «Диас туралы оқып отырып, нағыз батыр өсіп келе жатқанына сенімдімін. Оны мақтан тұтатын боламыз әлі!» деген сынды ұзын-сонар тізбекке ұласады. Бала өз парақшасына былай деп жазды: «АДАМДАР! НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ ҚАРАҒАЙЛЫҒА КЕЛІҢІЗДЕРШІ, ӨТІНІШ» БІЗГЕ КӨМЕК ҚАЖЕТ».

Соңғы жаңалықтар