Әлеуметтік желіде нәрестені аяусыз ұрған сәт түсірілген кезекті видео пайда болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Instagram әлеуметтік желісінде әйелдің нәрестені ұрып жатқан сәті түсірілген видеожазба таралуда. Бұл видеоны ҚР ІІМ зерделеуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Кадрда әйел бір жасқа толмаған нәрестені шапалақпен ұрып жатқаны анық көрінеді. Ол баланы «Аузыңды жап» деп айғайлап, басынан, бетінен ұрғылауда.
ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев хабарлағандай, бұл видео зерделенуде. «ІІМ Интернет желісіне орналастырған видеожазбада нәрестені ұрып жатқан әйелдің кім екенін анықтау үшін қажетті шараларды қабылдайды, барлық мән-жай анықталғаннан кейін процессуалдық баға беріледі. Қазір видео зерделенуде», - деді ол. Бірнеше пікір білдірушілер мен жарияланым авторларының ақпаратына сәйкес, бұл әйел - Алматы тұрғыны.
Видеоны 8 жасар қыз түсірген. Қазір бұл әйелдің қайда екенін белгісіз. Әлеуметтік желі пайдаланушылары жазғандай, 8 жасар қыз видеоны анасы жұмыста болған кезде түсірген. «Оны іздедік, ол басқа жерге көшіп кетіпті, қайда екенін ешкім білмейді. Бізді баланың тағдыры алаңдатады. Әйел 8 айлық жүкті. Баланың тағдырына бей-жай қарамайтындар іздеуге жәрдемдесуді сұраймыз, - деп хабарлады әлеуметтік желі пайдаланушы.
Еске салсақ, Instagram әлеуметтік желісінде Павлодарда анасы үш жасар қызын ұрған видео пайда болған. Оған бірден құқық қорғау органдары, білім беру басқармасы назар аударды. Баланы жетімдер үйіне апарып, кейіннен оны әкесі алып кетті.