Әлеуметтік желіде жиһадқа шақыратын өлеңді бөліскен ақтөбеліктің ісі сотта қаралуда

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 35 жастағы Медет Қоянбаевтың ісі қаралып жатыр. Ол Қылмыстық кодекстің «терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» бабы бойынша айыпталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе қалалық сотында Медет Қоянбаевтың ісі қаралып жатыр. 32 жастағы айыпталушы әлеуметтік желі арқылы адамдарды Сирияға, жиһадқа шақыратын өлеңді таратқан. Ол өлең шумақтарын алдымен інісіне, кейін таныстарына жіберді.

«Қоянбаев діни экстремизм, терроризмді насихаттайтын радикалды идеологияның ықпалында жүріп, адамдардың ой-санасын уламақ болды. Ол қарулы жиһадқа шақыратын «Виртуальная Умма» атты өлеңді таныстарына жолдады»,- деді мемлекеттік айыптаушы Дина Байжанова.

Сот отырысы кезінде айыпталушы өлеңді оқығанын, бірақ мазмұнын жете білмей таратқанын жеткізді.

«Өлеңнің алғашқы жолдарын оқып, кейін жібердім. Мағынасын толыққанды түсінген жоқпын. Негізі Сириядағы халықтың жағдайы қиын деп ұқтым. Өлең терроризмді насихаттады деп есептемедім. Сараптама қорытындысынан соң бәрі түсінікті болды»,- деді айыпталушы Медет Қоянбаев.

Сот отырысы кезінде айыпталушы өлең оқығанды ұнатанынын айтты. Психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде өлең шумақтарының Сирия еліне, жиһадқа шақыратыны анықталды.

«Материалда терроризмді насихаттау белгілері бар. Сонымен қатар, террористік және экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып, көндіру белгілері анықталды»,- деді сараптама қорытындысын оқыған судья Ербол Әбдіхалықов.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Қылмыстық кодекстің «терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» бабы бойынша Медет Қоянбаевты 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Соңғы жаңалықтар