Әлеуметтік желілерде «Сабина келін-2» фильмнің жарнамалық бейнеролигі пайда болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерге Сабина келін жайындағы комедияның екінші бөлімінің жарнамалық бейнеролигі шықты. Бұл туралы бүгін өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында режиссер, продюсер және актер Нұртас Адамбаев хабарлады.
None
None

«Достар! Назарларыңызға «Сабина келін-2» фильмінің трейлерін ұсынып отырмыз. Бұл - көптен күткен «Сабина келін» комедиясының жалғасы. Көктемгі Наурыз мерекесіне орай сіздерге жасалған көңілді сыйлық. Сабина сіздерді сағынды», - деп жазған Н. Адамбаев.

Естеріңізге сала кетелік, өткен жылдың қараша айында «Сабина келін» фильмі Индонезияда өткен кинофестивальдің гран-при жүлдесін жеңіп алған болатын.

Нұртас Адамбаев енді өзінің туған қаласы жайында «Тараз» атты көркем фильм түсірмек. Оның айтуынша, бұл кинотуынды бұған дейінгі фильмдерге мүлдем ұқсамайтын болады.

Соңғы жаңалықтар