23:11, 03 Мамыр 2020 | GMT +5
Әлеуметтік желілерде төтенше жағдай режимі 24 шілдеге дейін ұзартылады деген жалған ақпарат таратылуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде төтенше жағдай режимін 24 шілдеге дейін ұзарту туралы созылады деген ролик таратылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде «Хабар24» эфирінде өткен сюжеттің үзіндісі алынып, жалған ақпарат таратылып жатыр. Сюжетте Франциядағы коронавирус жағдайына байланысты карантин мерзімі ұзартылатыны хабарланған болатын.
Әдейі қысқартылып алынған сюжетте ақпараттың мазмұны өзгертілген.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасымен жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.