«Әлеуметтік жетімдік мәселелерін шешу жолдары» және «Қазақстандағы еріктілік қызмет» деген тақырыптарды үздік дәріптеушілерге арналған БАҚ арасындағы конкурс аяқталды

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат – «Әлеуметтік жетімдік мәселелерін шешу жолдары» және «Қазақстандағы еріктілік қызмет» деген тақырыптарды үздік дәріптеушілерге арналған грант бойынша журналисттер арасында конкурс аяқталды.
Жеңімпаздардың аты салтанатты марапаттау рәсімінде Алматыда мамырдың 19-ында аталатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат конкурсты ұйымдастырушыларға ? Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорымен (UNICEF) және БҰҰ Еріктілер бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырған Seimar Social Fund қайырымдылық қорына сілтеме жасап.Байқауға барлығы 75 өтінім түсті, олардың ішінде сарапшылар комиссиясы конкурстың шарттарына, мақсаттарына және міндеттеріне толығымен сай келетін алты қатысушының материалдарын іріктеп алды. Гранттық бюджет 1 млн. 440 мың теңгені құрады. Конкурс 2008 жылғы қыркүйекте басталған болатын.Байқаудың мақсаты ? Қазақстандағы әлеуметтік жетімдік және еріктілік қызметке жұртшылық пен мемлекеттің назарын аудару, әлеуметтік маңызды мәселелерді талдау, зерделеу және әзірлеу үдерісіне бұқаралық ақпарат құралдарын тарту, сондай-ақ әлеуметтік жетімдік және еріктілік қызмет мәселелерін тиімді шешу үшін нақтылы ұсыныстар мен жобаларды әзірлеуде ынтымақтасу, журналистикадағы әлеуметтік бағыттарды дамыту, кәсібилігі үшін үздік журналистерді марапаттау.
Соңғы жаңалықтар
telegram