Әлеуметтік қолдау өтініш қағидатынан мұқтаждарды анықтауға көшеді

АСТАНА. KAZINFORM – Жыл басынан бері Қазақстанда халықты әлеуметтік қолдауға 3,4 трлн теңге бағытталды, төлемдер 4,5 млн адамды қамтыды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әлеуметтік қолдау өтініш қағидатынан мұқтаждарды анықтауға көшеді
Фото: Kazinform

Мемлекет басшысының Жолдауда берілген тапсырмаларын орындау үшін Үкімет көмектің атаулы форматына көшуді жүзеге асырады. Мұның негізгі құралдары азаматтарды кедейліктен шығаруға бағытталған «Әлеуметтік келісімшарт» және «Отбасының цифрлық картасы» болды.

Жаңа тәсіл қазірдің өзінде өзінің тиімділігін көрсетуде. Атаулы әлеуметтік көмекті «Әлеуметтік келісімшарт» негізінде 48 мың отбасы алады, оның ішінде 8,3 мың еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналастырылып, оқыту немесе өз ісін ашу арқылы тұрақты табыс көзіне ие болды.

Мұның технологиялық негізі «Отбасының цифрлық картасы» болып саналады, ол әртүрлі мемлекеттік жүйелердегі деректерді талдайды, қолдауды қажет ететіндерді дербес анықтайды және бюрократияны жояды. Жүйеге 128 Отбасын қолдау орталықтарының қызметі кіріктірілген, бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған 4 мың отбасыға кешенді көмек көрсетуге мүмкіндік берді.

Айта кетелік 260 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды

Соңғы жаңалықтар