Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының орынбасарына қатысты іс тергеліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасарына қатысты істі тергеу барысына пікір айтты.

антикор
Фото: Мухтор Холдорбеков / МИА "Казинформ"

Істі Антикордың аумақтық департаменті тергеп жатыр.

— Сыбайлас жемқорлық ісі Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындарын емдеуге бөлінген бюджет қаражатының жымқырылуына қатысты. Бұл лауазым иесі тергеу мүддесі аясында қызметінен босатылды, - деді Д. Құрақбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бірақ ол осы іс бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төрағасы орынбасарының атын атамады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2022 жылдан беру 60 адамды іздестіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар