Алғаш рет ересек адам АИТВ дертінен айықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оксфорд және Кембридж университеттерінің, сонымен қатар Лондонның университеттік және корольдік колледждерінің британиялық ғалымдары ересек адамның АИТВ ауруынан емделгені жайлы хабарлады. Бұл туралы Лента.ру The Sunday Times-ке сілтеме жасап хабарлады.
None
None

44 жастағы британдық АИТВ ауруынан емделді. Ол арнайы вирусқа қарсы терапиядан сәтті өткен 50 адамның алғашқысы.  Ғалымдардың сөзіне қарағанда, жаңа әдіс барлық ағзадағы АИТВ-ны тауып, жоюға қауқарлы. Зерттеу көрсеткендей, терапиядан өткен соң оның қанындағы вирустың аз болғаны соншалық, тіпті сараптама нәтижесі теріс болған.

ДДСҰ мәліметінше, 2014 жылға қарай әлемдегі шамамен 37 миллион адам АИТВ жұқтырған. Ал 34 миллион адам осы ауру салдарынан қаза тапқан.  Жыл сайын бұл вирустан 1,5 миллион адам ажал құшқан, 2,2 миллионға жуығы вирусты «тасымалдаған». Вирусқа қарсы терапияны ауыратындардың жартысына жуығы ғана қабылдайды.  

Соңғы жаңалықтар