Алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен ел кубогі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы қаласында 17-19 наурызда алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен Қазақстан кубогі жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен ел кубогі өтеді

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, турнирге Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе және Орал қаласынан 40-тан астам спортшы қатысып, бақ сынайды.

Бірінші кубокке дайындық аясында Алматыда 6-16 наурыз аралығында теннисшілердің шеберлігін арттыруға арналған оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Дода қорытындысы бойынша биылғы маусым айында Италияда «Alghero Open» халықаралық турнирінде ел намысын қорғайтын спортшылар анықталады.

Қажетті ұпайды жинаған жағдайда қазақстандық паратеннисшілер 23 қыркүйек – 8 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) болатын Паразия ойындарына қатысуға мүмкіндік алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубай жарысының үшінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы