Алғаш рет ұйқыдағы акула видеоға түсірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші рет ұйқыдағы ақ акула видеоға түсірілді. Гуадалупе Кариб аралының су айдынында зерттеушілер ірі жыртқыштың аналығын таспаға түсірген. Бұл туралы National Geographic жазды.
Видео Discovery арнасындағы Shark Week бағдарламасы аясында түсірілген. Ғалымдар бұған дейін ақ акула ұйқысын таспаға түсіру ешкімнің қолынан келмегенін айтуда. Акула ұйқы үстінде де жүзуін тоқтатпайды: егер жүзуін тоқтатса, желбезектеріне су кірмей, оттегі жетіспей тұншығып қалар еді. Ұйқыдағы акуланың орташа жылдамдығы сағатына 23 шақырым болды. Sciencealert қозғалыссыз ұйықтай алатын акула түрлерінің бар екенін атап өтті. Бірақ ақ акула олардың қатарына жатпайды.
Ақ акула немесе үлкен ақ акула, немесе акула-адамжегіш, немесе кархародон (лат. Carcharodon carcharias) Жер бетіндегі барлық мұхиттарының (Солтүстік мұзды мұхитынан басқа) жағалау және айдындарында кездеседі. Ол жер бетіндегі үлкен жыртқыш балықтардың бірі болып есептеледі. Аталыққа қарағанда аналық акула ірілеу, ұзындығы 4,6-4,8 метр, кейде 5 метрден асатын акулалар кездеседі. Олардың өмір сүру ұзақтығы шамамен - 27 жыл.
Ақ акулалар құрып кетудің аз-ақ алдында тұр: 2010 жылы әлемде 3 500 ғана ақ акула болған. Қазіргі уақытта олар ОАР, Намибия, Израиль, Мальта, АҚШ-тың кейбір штаттары, Аустралия суларында өмір сүреді және заңмен қорғалған.