Алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

АСТАНА. KAZINFORM – 25 қыркүйек күні сағат 12:00–де Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс басталды. 

АЭС
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Конкурсқа әрбір қазақстандық eGov Mobile арқылы қатыса алады.

Сауалнама eGov Mobile мобильді қосымшасында жүргізіледі. Басты парақшада «АЭС-ке атау ұсыныңыз» баннері орналастырылған, ал пайдаланушыларға конкурстың басталғаны туралы push-хабарлама жіберіледі.

Бастаманың мақсаты — болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқын көрсететін атау таңдау.

Қатысу үшін:
* тілді таңдау (қазақ немесе орыс);
* өз нұсқасын ұсыну;
* атаудың мағынасын қысқаша сипаттау (міндетті емес);
* конкурстың ресми қағидаларымен танысқанын растау.

Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазандағы сағат 23:59–ға дейін жалғасады.

— Конкурс қағидаларымен Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады. Ұйымдастырушылар барлық азаматты еліміздің энергетика саласының тарихына үлес қосып, Қазақстанның алғашқы АЭС-на атау ұсынуға шақырады, — делінген хабарламада. 

Айта кетелік 25 қыркүйекте eGov порталында АЭС атауын ұсынуға арналған бөлім ашылатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар