VI Ислам Ынтымақтастығы ойындары: Аруна Жангелдина алғашқы алтынды жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық дзюдошы Аруна Жангелдина алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Спорт комитеті.

Аруна Жангелдина Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҚР ҰОК

Отандасымыз әйелдер арасындағы 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шығып, финалда Камерун елінің спортшысы Георгику Мунесті жеңді.

Айта кетейік, бұл жеңіс – Қазақстан құрамасының аталған ойындардағы алғашқы алтын медалі болды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасынан екі дзюдошы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыққаны хабарланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар