Алғашқы қар түсті: СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы қар жауып, қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Алғашқы қар жауған Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, ертең күн бұлтты болғанымен, қар жаумайды. Өңірдің батысында, солтүстігінде көктайғақ болмақ. Сондай-ақ тұман түсіп, оңтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с жететін жел тұрады. 

Алғашқы қар түсті: СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы

Алғашқы түскен қар жатпайды, өйткені синоптиктердің болжамынша ертең ауа температурасы өңірде +4,+6 С шамасында болады. 

«112» қызметі де sms хабарлама жіберіп, тұрғындарды көктайғақ болатындығы жөнінде ескертіп жатыр. 

Былтыр облыста алғашқы қар 13 қазан күні жауды.

Бұған дейін СҚО-да қараша айында ауа райы қандай болатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар