Алғашқы 2 айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасы өзінің даму қарқынын сақтап қалды - Сергей Кулагин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ең төмен көрсеткіш 13 орын орташа айлық еңбекақы болып отыр. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң Ақмола облыстық филиалында өткен брифингте өңір басшысы Сергей Кулагин мәлім етті.

Оның айтуынша өңірде Ұлт жоспарын орындаудың тәжiрибелiк кезеңi басталды, онда жергiлiктi атқару органдары 49 iс-шараны жүзеге асыру бойынша жұмылдырылған.

«Орын алып отырған экономикалық жағдай қарамастан біз өткен жылды табысты аяқтадық. Облыс 2015 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген саласында оң нәтижеге қол жеткізді.

Өнеркәсіп саласында нақты көлем индексінің көрсеткіші 106,9 пайызға жетіп, облыс Республика бойынша бірінші орынға шықты.

Аграрлық салада да өткен жылды табысты аяқтадық. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 102,1 пайыз болды.

«Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуы құрылыс жұмыстары көлемін 106,1 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді. 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, осының арқасында 2200 отбасы өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарта алды. Облыс экономикасына 200 миллиард теңге шамасында инвестиция, соның ішінде сырттан 14,2 миллиард теңге инвестиция тартылды.

Ағымдағы жылдың алғашқы 2 айының қорытындысы бойынша облыс экономикасы өзінің дамуы қарқынын сақтап қалды. Өнеркәсіп және тауар айналымы жағынан алғанда нақты индекс көлемі бойынша біз республикадағы өңірлер арасында 1 орынға шықтық.

Құрылыс саласында және тұрғын үйлерді пайдалануға беруде 2 орындамыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі және инвестиция тарту жағынан 3 орынға тұрақтадық. Облыста ең төмен көрсеткіш 13 орын орташа айлық еңбекақы болып отыр. Жыл соңына дейін біз олқылықтарды жойып, үздік ондыққа кіруді жоспарлап отырмыз», - деді С.Кулагин.

Соңғы жаңалықтар