12:39, 23 Шілде 2015 | GMT +5
Алғашқы бес айда Ақмола облысының ЕАЭО-мен сауда айналымы 163 миллион доллардан асты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында Ақмола облысы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер арасында өзара сауда айналымы 163,6 миллион АҚШ долларын құрады, деп хабарлады облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметінен.
«2015 жылдың қаңтар-мамырында Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 163,6 миллион АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт үлесі 54,7 миллион (33,4 пайыз), импорт үлесі 108,9 миллион (66,6 пайыз) болды.
Осы аралықта Ресей Федерациясына 53,8 миллион АҚШ долларының тауары экспорталса, импорт үлесі 104,6 миллион АҚШ долларын құрады. Беларусь Республикасына да 0,9 миллион АҚШ долларының тауары экспортталып, импорт көлемі 4,3 миллион АҚШ долларын құрады», делінген хабарламада.