17:07, 05 Қараша 2013 | GMT +5
Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету бойынша Алматы декларациясы қабылданған жерге ескерткіш тақта қойылды
АЛМАТЫ. 5 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша Алматы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Республика сарайында ескерткіш тақта ашылды.

Оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропа бюросының директоры Жужанна Жакаб, БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бағдарламалар директоры Ник Алипуижәне тағы басқа да құрметті меймандар қатысты. Онда 1978 жылы ХХ ғасырдың денсаулық сақтау саласындағы Ұлы хартиясы атанған Алматы декларациясы қабылданған болатын. Ол Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік ассамблеясының ХХХ қарарына, ДДСҰ Атқару комитеті мен ЮНИСЕФ Атқару комитетінің 59-сессиясының шешімі бойынша 6-12 қыркүйек күндері өткен ДДСҰ Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем бойынша халықаралық конферециясында дүниеге келген еді. Оған 134 ел мен 67 халықаралық ұйымнан делегациялар қатысты.