«Алғыс айтамын» акциясы өтті

«Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша осы күнге орай еліміздің барлық өңірлерінде «Алғыс айтамын» акциясы ұйымдастырылды.
Акция Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен, «Ассамблея жастары» РҚБ жастар ұйымдары және этномәдени бірлестіктердің қолдауымен ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде кеңінен таралды.
Акция аясында ұйымдастырушылар қолдарына сүттен жасалған ұлттық тағам құртты алып, оны қала тұрғындарына жұдырықтарын соғу арқылы ұсынды. Тұрғындар жағы жауап ретінде қайта жұдырықпен соғысып, ұсынылған құртты қабылдап алу қажет. Бұл ретте акцияға қатысушыларға айтулы күнге арнап кімге алғыс білдіргілері келетіні туралы сұрақ қойылды. Яғни олар өз тарапынан әр түрлі адамдарға алғыс білдіре алды.
«Акцияның мақсаты – жас ұрпақтың бойында толеранттылық, достық және бір-біріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру. Алғыс айту күні - қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын күні. Жуырда орын алған оқиғалар аясында акция мүлдем жаңа мәнге ие болды. Осылайша, біз ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстанда орнаған бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау және бағалау қаншалықты маңызды екенін көрсеткіміз келді», – деп атап өтті акция ұйымдастырушылары.