Алғыс айту күні: «Астана Опера» тыңдарманын қалай қуантпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемнің алғашқы күнінде «Астана Операда» Алғыс айту күніне арналған «Жүректен кіріп бойды алар» атты мерекелік концерт өтеді. 1 наурызда Камералық зал сахнасында қазақстандық жарқын музыканттар тыңдармандарға өз өнерлерін паш етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Осы концерт арқылы біз отандастарымызды барлық қазақстандықтар үшін маңызды болып табылатын Алғыс айту күнімен құттықтағымыз келеді. Бұл мереке Отанымыздың кең-байтақ даласын мекендеген барлық этносты одан әрі жақындастыра түседі. Алғыс айту күні - ұлы отаншылдық, достық, мәдениеттер сан алуандығының күні. Бүгін әрбіреуімізді еліміз үшін ерекше мақтаныш сезімі кернейді», - деді орындаушылар.

Бұл кеште керемет музыканттар, халықаралық конкурстардың лауреаттары - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асқар Дүйсенбаев, Мәдина Бекмәдиева (скрипка), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дамир Сұлтанов (баян), Анатолий Якушкин (контрабас), Әліби Асақаев (гитара), Дана Дүйсенбаева (фортепиано) сахнаға шығады. 

Алғыс айту күні елімізде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2016 жылы - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20-жылдығында жарияланған болатын. Ассамблея құрылған күні «Мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі» атап өтіледі. Республиканың әр өңірінде бұл күні көптеген іс-шаралар өткізіледі.

«Астана Операда» осы салтанатты күнге орай халыққа қазақ және батыс еуропалық классика жауһарларынан тұратын қанық концерттік бағдарлама ұсынылады. Оның ішінде ұлы қазақ халық композиторы Құманғазы Сағырбайұлының ансамбльге арналып өңделген «Сарыарқа» және «Төремұрат» күйлері бар.

Ғасырлардан бері көшпелі қазақтың адал досы әрі серігі - ат болып саналған.                                       Е.Брусиловскийдің «Бозайғыр» скрипкалық пьесасында ұлан-ғайыр кең далада желіген боз арғымақ - боз айғырдың бейнесі батылдық пен алға ұмтылушылықтың нышаны ретінде бейнеленеді.

К.Сен-Санстың «Интродукция және рондо-каприччиозо» атты кеңінен таралған пьесасы скрипкалық асқан шеберлік мүмкіндіктерін барынша түсініп жазылған, ал оның формасы табиғи әрі көрнекі болып табылады. Тыңдармандарға француз композиторының «Хаванез» атты тағы бір шығармашылық үлгісі ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар